Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  80


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Бауырғазыға

Бауырғазыға


 


Жүрегімде бықсып жатса білте-мұң
Жанып бітпес шерді қалай іркемін?
Марқұм інім – Бауыржанның «бауырын»
Өз атымның «қазысына» тіркедім.
Сен де солай «Бауырғазы» атандың,
Сөне алмаған сорлы шақтан от алдың.
Енді сенің табаныңның астында
Қош айтысса жарар еді қатал күн...


Жөргектенмін жаратылыс жаншыған,
Жаратылдым шерге толы тамшыдан.
Сыбағам да бұйырғасын қамшыдан,
Ниет те көп түбі құрғап қаңсыған.
Өссең, ұлым, өзегімнен от күре,
Әділеттің анты болып көк тіре.
Саған мені көшірсе де тәңірім,
Тағдырымды көшірмесін деп тіле!....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу