Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  145


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Айтыстағы «Хайләйлім...»

Тепкiлеп сахна емес құлыпты мұң
Бұзды да ашты есiгiн қылықты күн.
Тепкiлеп жеңiлiстер тосқауылын
Жеңiстi жарқ еткiздiң жұлып бүгiн
Шабыттың ағыт тағы шүрiппесiн!
Тепкiле еденге аяқ iлiкпесiн!
Тепкiлеп уақыттың тозаң басқан
Санадан сырғыт тағы сiлiкпесiн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу