👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  44


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Қожа Ахмет Яссауи кесенесiне

Қатал тарих булықса шерi меңдеп,
Қарт кесене тағы да тебiренбек.
Санамыздың төрiнен бой көтердi
Антын Алла, ажарын өмiр өңдеп.
Рух сағымын түсiрген көзге алыстан
Тарих шығар мезгiлден озған ұстам.
Сенде жатқан киелi жүрегiмде
Ғаламат бар ғаламды қозғап ұшқан.
Тарихыма тисе де таяқ талай
Келедi елiм күреске тояттамай.
Сенде қалған ұлылар қалғымайды
Әдiлеттiң шешiмiн аяқтамай.
Ғасыр бiткен қайталап жаңғырықты
Шындық ашты тарихтан сан құлыпты.
Кеңiстiкке шаншылған құдiретiмен
Кесене тұр үгiттеп мәңгiлiктi.
Даламда өткен жүздеген дiн кезегiн
Жойды ма араб?
Шомылды мұңға өзегiм. –
Бұл белгiге дейiнгi қолды болған
Тарихты iздеп көненi мың кеземiн...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы