Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  236


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Астана көшерде

Жанарынан тарихтың дастан ағып,
Тұншықтырды жанымды жасқа малып.
Тылсым едiм,
Тынымсыз тiршiлiктен
Бердiм тағы жанымды астана қып.
Санамыздан болашақ күлiп тұрды,
Күлкiсiнен күрделi сыр ұқтырды.
Тұтқындағы тарихты тiтiркентiп,
Тiрлiгiмде тат басқан құлып тґрды.
Астарында мезгiлдiң сұрақ мығым.
Ардың жүгi –
әдiлет – тұрақты ұғым.
Пұшпағына қуалап жетпесек те,
Жылап тағы тiледiк жұмақты күн.
Жаманатқа жарадар сынақ басым,
Аманатқа сергектiк тұрақтасын.
Жылатпасын мезгiлдi еш,
Сенiмдi оқыс
Жарамсақтың жебесi құлатпасын.
Қасiреттi қиялмен күзеп мүлде,
Қасиеттi құз еттiм,
Күзеттiм де,
Ел ордасы –
Жұлдызды жер ортасы,
Ұйытқысы бол намыс пен iзеттiң де.



1997 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу