👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  16


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Қаныш Сәтбаевқа

Кен киесi – аждаһа...
Халық күштi,
Абай кiрген жер астын шабыт қысты.
Мыстың мысы, мырыштың марапаты
Жүрегiмнен жұмақты жарып түстi.
Жер жүрегi сырға бай –
жарып тыңда:
Тарихымды бүркендi халық мұнда,
Жынның өзiн тоғытқан алып мұңға
«Жарықтың» да көзi осы,
тамұқтың да.
Жомарттықтың дүбәра нарқы күштi,
Қызыл ғұмыр жер астын сарқып iштi.
Құдайды да сананың мысы басып,
Ыдыратты әлемдiк тартылысты.
Есi ауысқан зор күрек ақыры iлiп,
Әруақтар кетер ме сапырылып.
Еңбегiңнiң тiксiнiп ертеңiнен
Көкейiмде көк бөрi жатыр ұлып.
Ертеңiмнiң әйнегiн тағы ысқылап
тазартып ем,
былғады намыс құлап.
Сен берген мыс мылтықтан кейде өзiңе
Сұқтанады...
Сездiң бе, Қаныш, бiрақ?


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы