Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  101


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Мұстафа өз түрікке

Мансап десе құштарлыққа ақылы
Жеткен қазақ іштарлыққа қақылы,
Мұстафаны жеңбеп еді жарты әлем
Ерлік жасап жеңіп тындық ақыры.
Тірі арысым оралды деп тойладық,
У жұтқызып өзін жұттық,тоймадық.
Даламыздың кеңдігіне сыйғызбай
Жампозым деп жалған жылап жайрадық.
Ел деп келдің,
Елемеді салғырттық,
Шөлдеп келдің,
Зәрін берді мәңгүрттік.
Ұлы дала құшағына сыймаған
Қош бол бақи,
Ірілік пен албырттық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу