Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  327


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Жасай бер, Елім!

Әні мен сөзі: А.Кәріпжанәулетінікі.



Нар тарихтың дүбірін жалғап,
Келем елге ғұмырымды арнап,
Сен аңсаған азаттық таңы, елім,
Менің бақыт тұғырым болмақ,
Жасай бер, елім –
Қазағым менің!
Еркіндікпен елжіреп әр күн,
Білсе ерліктің ел, міне, нарқын,
Көк туыңмен ғаламды тербеп, елім,
Көк аспан боп желбіре халқым,
Жасай бер, елім –
Қазағым менің!
Азаттық деп аз алыспадың,
Қайыспады ғажап ұстаным,
Баба арманын бағалап ұрпақ, елім,
Бағың жансын, Қазақстаным!
Жасай бер, елім –
Қазағым менің!
Тағдыр айдап қауым боп кірген
Барлық ұлтты бауыр деп білген
Пейіліңді жаратқан қолдап,
Жаса, жұртым, дәуірлеп бірден,
Жасай бер, елім –
Қазағым менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу