Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  118


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Уақыт пенен ғаламға елшi атанып...

Уақыт пенен ғаламға елшi атанып,
Бейiшке кетем, тiрлiктен мынау бата алып,
Ғалами түпсiз тартылыстардан үзiлiп,
Тәнiм де ғажап құбылыстарға бұзылып,
Әлемге негiз қарама-қарсы күштерден –
Сескене қашып өңiмнен және түстерден,
Бұ дүниеден де, о дүниеден де сақтанып,
Кетемiн сосын әлемсiз жаққа аттанып
«Еркiндiк«– деймiн шаттанып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу