👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  18


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Жәдiгермiн мен де бiр...

Ақымақтың даңқына нұр сiңдiрiп,
Арлыны алды ақырет күрсiндiрiп.
Сталиндi мақтауға Ленинград
Радио қып сайратты жыршымды iлiп.
Бомба ойнатып Абайдың тұрағына,
Кемем шөктi Аралдың құлағына.
Эрмитаждан есiнеп Алтын адам
Жұлдыз бопты Питердiң тымағына.
Көрмегесiн бiтiмшiл халық құрлы –
Тышқан-мысық ойнатып қарық қылды.
Көрсетуге менi де бортқа тиеп
Өркениет ғарышқа алып кiрдi.
Ғаламторлар жасамақ кiмге iзеттi? –
Мүсiндерiм жалаңаш түн күзеттi.
Құрманғазы ұрпағын компьютерлер
Бетховен қып сайратып жұлдыз еттi.
Қуыршақ қып қатырса мадақ бойды,
Табытыма үрейлер қарап тойды.
«Целинниктер» миыма дән ектi де,
Қарақшы етiп өзiмдi қадап қойды.
Боп жатса да айтарым ойымда мың –
Келiмсектiң шатпағын пайымдадым.
Түрiн бояп,
Жетпесе тiлiн бояп
«Жаңа қазақ» өсiмiн дайындадым.
Хан беделiн түсiрмес жалғасы көп –
Болғасын да табылдым хан басы боп.
Торып жүрген Киннестен сақта, Құдай,
Түрi азайған өсiмнiң таңбасы деп.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы