Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  159


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Анашым арман әнім.

Әні: А. Кәріпжанәулетінікі.



Салса да шырғалаңға
Тағдырдан жасымаған,
Ең жарық ей бұл ғаламда
Сен – асыл анам.
Мезгілдің мың сынымен
Жатқанда жаным ысып,
Мен үшін күрсініп ең
Сен жалын ішіп.
Қайырмасы:
Анашым арман әнім,
Жанымның шуағысың.
Көз алмай таңданамын,
Сен – қуанышым.
Жоқ шығар сендей дана
Меңгерген бала сырын,
Мәңгі отың сөнбейді, ана,
Сен – жанашырым.
Пейілің барша әлемді
Тербетіп жатқаны шын.
Мәңгілік шарашама енді
Сен – мақтанышым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу