👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  15


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Тәуелсiздiк аларда

Кие бiтер хан болсам тақта маған,
Бара-бара жан қалмас жақтамаған.
Күнәм қалса тарихты керi аударып,
Салт бойынша өзiмдi ақтап алам.
Бастан шiрiп балық та тас болады,
Шiрiктi жеп қоғам да мас болады.
Ұйым, жиын патшаның тонын киiп,
“Шаштараздың” алғаны бас болады.
Қан жалғасса билiкте, ми кетедi,
Зәрiн iшсең мезгiлдiң билетедi –
Арың, барың, тiл, дiлiң қош айтысып,
Ғаламдасу рухыңды күйретедi.
Тәуелсiздiк!
Ұқпасам нарқыңды анық –
Қабылдармын, қашсам да “артын бағып”,
Бергенiңнiң қадiрiн кеш ұқтырмай,
Тек меңгерер ми берсiн Алтын балық!



1991 жыл.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы