Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  114


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Сәйкеспейтін заңы басқа болғасын...

Қалдыбекке


Үшеу едік бір бөлмеде тұратын.
Композитор оның бірі,
Бірі ақын.
Әдетінше сол түні
Толтыруға көңілдегі олқыны,
Үнсіздіктің жайлауын біз шаңдатып,
Әулеттік ән мен жырды самғатып.
Қанаттанып шабытым,
Ғарыштарға төңкеріліп бағытым,
Жасап қалдым түн ауғанша жыр оқып.
Түн ауғасын композитор шырқады
Тылсым түптен қиялыма пыр етіп,
Көтерілді саздың небір сұңқары.
Соғын тағдыр сәйкестігін ұққасын,
Сөз бен әннің дерті өзара жұққасын,
Бір бірінен тауып жатты жұптасын.
Ғұмырдың да сызын солай кешіп ек,
Жұптастырып шабыт жібін есіп ек.
Ал,үшінші ештеңеден хабарсыз,
Әлдеқашан қалғып кеткен есінеп.
Ғұрпы бөлек,ұлты бөлек дегенмен,
Мейірбандық тапты емес пе кең елден?


Сөйте тұра түсінгіі келмейтін,
Сыйластыққа кішіргісі келмейтін,
Ел екен деп тілі де өзге,діні өзге
Санасына пісіргісі келмейтін,
Үстем лден бақытымды табам деп,
Жақсам енді соның шамын жағам деп,
Өктемдітің өркешіне мінгескен,
Көкірегі көк аспанмен тілдескен.
Жүрген еді ол тісін қайрап жұтынып,
Ертесінде өзі ақ қашты құтылып.
Халық едік
Үні де асқақ далсындай кең елдің...
Көңіліңнен көлбей өтсе егер мұң,
Ұзақ тұрмас,түсінем.
Айналайын құдыреті өнердің
Өктемдікті баса білген мысымен!
Бірақ,бірақ,істің артын бағалық.
Танытқан да дұрыс болса ағалық
Өз ішінде мәні басқа болғасын,
Өнерге де қажет, бірақ, Даралық.



1990 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу