Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  184


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Ұлтсыздық идеясын тапқандарға

Қонағыңнан көріп жатсаң «көкені»
Аңқау елдің қонақжайлық не теңі?
Сырттан кіріп рухымызды бұзғанға
Қазақстан – отансыздар мекені.


Келімсектер өз жұртынан көшкелі
Сыйлағанның өзін билеп төстеді.
Соғыспай ақ өз ұлтыңнан аластап,
Отыр енді тағдырыңды шешкелі.
Тарих кілті жаба алмады қақпаны,
Жасыған ел жатты беттен қақпады.
Өз отанын мүлде ұмытқан өктем ұлт
Жатырма енді өз ұлтын да сатқалы.
Бұл қулыққа күлкі болсақ мәңгіріп,
Ұлтсыздықтан айықпаймыз мәңгілік.
Атажұртты келімсекке табыстап,
Кетуің де ғажап емес қаңғырып....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу