Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  106


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Желтоқсанның екпiнi лақтырғалы...

Желтоқсанның екпiнi лақтырғалы –
Шатағы көп басымда бақ тұрмады.
Көмек сұрап кiргенде қызыл тудың
Нiлi сiңген кеңсеңiз жақтырмады.
Ағымдар көп болғасын берiспейтiн
Пiкiрiмiз көп шығар келiспейтiн.
Екеумiздi әлi де алма кезек
Екiұдайы мезгiл бар терiстейтiн.
Тәнтi болмай саяси «тамашаға»
Ойларымыз тартса да оңашаға,
Қайда жүрсең тәуелсiз ертеңiмнiң
Жанашыры бола бер, Нағашы аға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу