Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  127


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

«Аспан асты...»

Ұлттың ұлы күрескері
Қажығұмар Шабданұлына.



Аспан астын көрмейтін «Аспан асты»
Тарихының көзіне жас таласты.
Қарт түгілі қамалған уақыты да
Түркі сорлап көрмеген жастан асты.
«Миллиардтың» қозғаған қажап түбін,
Нақ тәңірін таныды азап бүгін.
Сорлы әділет тамұқты талқан қылып,
Алды бүгін бақилық азаттығын.
Қайта түлеп қасірет санаға өтті,
Шеңгеліне құлатты нала көпті.
Азаттықты болашақ сезінсін деп,
Бір кезеңін тарихтың ала кетті.
Тағдырыма тіміскі жарлық орнап,
Айдаһарға батпадым,
Барды қорлап,
Тістенскенмен тістесіп,
Мәңгілікке ол,
Атажұрттың пұшпағын қалды қорғап.



22.02.2011.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу