Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  160


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

МҰХИТ-МҰҢЫМНЫҢ ҰЛУЛАРЫ

Төрт түлігі қоңданған күйістеніп ел
байлығын елеуге тиісті ері. Арқарлар
жоқ, тұяғын тұман жуған. Бар қалғаны –
шаңырақ-мүйіздері.
Әй, жұртым-ай, жұртым-ай, қуырдақшыл!..
Суайттарың не дейді суылдақшыл?
Аман қалған арқардың ұлын тапшы, Арұятың бетіңді дауылдатсын,
әй, жұртым-ай, жұртым-ай, қуырдақшыл!
...тұяқтардан жосылған сол қалың із жоқ
қой бүгін...
Жоқтығы – қорқарымыз!
Қойыңдаршы дауласпай, күні
кеше
қойымыздан көп еді-ау арқарымыз! Дау
айтам деп қалайша жақ ашасың,
«аңшылықтың» сан өткен «тамашасы»!
Ашкөзділік мылтығын әлі ұстап жүр, тік
тұрғызып Таулардың төбе шашын! Не
біледі қазіргі шуылдақтар,
талай аңның жүрегін суырды оқтар!
Қасқырлар да құрып-ақ кетер ме еді,
қара саны жараса қуырдаққа?!.
 Селт етпейтін Далам бар дабыраға,
қалай екен қазіргі өмір оған? Қақпа
сайын арқардың мүйізі тұр, аңызаққа
қосыла маңыраған!
«Мүйіз – сән, – деп, – қақпаға» ұғуларың рас
шығар.
Көңілім жүр уланып.
Жан толқыны жағаға алып шыққан
менің Мұхит-Мұңымның ұлулары –
маңырақ Мүйіздер-ай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу