Өлеңдер ✍️

  21.09.2022
  143


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Басқа тиіп, бастағы сұрақты ұрды

Кенжегүл Молданазароваға



Ауыр соққы бір шетке лақтырды.
Басқа тиіп, бастағы сұрақты ұрды.
Мұрттай ұшып бейкүнә ұлттың мұңы
Жүрегінде мезгілдің жылап тұрды.
Өз жүрегін уақыт тас қылғалы
Қасіреттің көзінен жас құрғады.
Жарақат боп тасада қала берді
Басқа шыққан Мәскеудің басқа ұрғаны.
Алып-ұшып алаңға жылып барған,
Үмітінің жүрегін жібітті арман.
Пәк қиялы соққыдан кетті үзіліп,
Аппақ, адал сезімнен тұнып қалған.
Арқалатты арлыға бар азапты.
Астына алды соққының,
жала жапты.
Сыйдырмаған сорлы өмір жас арудың
Көз жасына тұншығып бара жатты.
Жарқ етті де намыстай қынаптағы,
Көзден нұрын суырды күн аптабы,
Қалды анасы жармасып, жылап тағы,
Қазығұрт та бұлдырап жырақтады...
Үні кетпей алаңның құлақтағы,
Қалғып кетті ол,


«Арлыны» жылатпады.
Азаттықты білмейтін ой-санаға
Құламайтын отарлық тұрақтады....
Намыс, бірақ, өз туын құлатпады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу