Өлеңдер ✍️

  21.09.2022
  111


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

86-ның төлi едiк

Мектеп оқушыларына
Желтоқсанның төлi едiк,
Мұз кешпедiк,
Тәуелсiздiк алған жыл бiз бесте едiк,
Бес жұлдыз да жоғалды қызарақтап,
Оқытты өмiр «бестiкпен» бiздi ескерiп.
Желтоқсанның төлi едiк түнекте өнген,
Сыр бермептi тарих та шыр еткеннен.
Аға толқын айта алмай
жүректе өлген
Жаралдық па жаралы тiлектерден?
Ал, жаралдық,
Не iстеймiз?
Не тындырдық?
Не көрмеген бiзге тән жетiм құрлық?
Он бес жылда қазақы болмысына
Қисық өскен құрбының бетiн бұрдық


Жоқ, бұрмадық,
Тұрқы асау, бұра алмадық-
«Азаттық» деп сенiмсiз ұрандадық.
Түлкiшек те боп көрiп бұландадық,
Ұлпа боп та сипалап қылыңдадық,


Болмағасын бөрiге бөлтiрiк боп,
Жар астынан тiстенiп сыр аңдадық.
О дәуiрде бiз әлi жатырда едiк,
Дайындалып бұл күнге жатыр ма едiк?
Iбiлiстер билеген iрiткiден
Құтқарды ма Желтоқсан ақыр келiп?
Естiп туған жарылыс гүрсiлдерiн,
Естiдiң бе құрбымның күрсiнгенiн?
Құрсақтан-ақ тарылтып тылсым демiн,
Әкелдi өмiр мүгедек, құр сүлдерiн.
Күйдiрдi Арал тұзына зәрi күштi,
Көп құрбылар жатырдан жалын iштi,
Байқоңырдың кемесi тумай жатып
Шыбын жанын ғайыпқа алып ұшты.
Мiне осылай нәубетке дүйiм көштi,
Көшпегенi мәңгүрттiң күйiн кештi.
Ел жайлы ұғым дүбәрә бикештердiң
Түнгi тенге билеген миында өштi.
Шырқыраған шындыққа шiреп төнген,
Ақыретке арысын күреп көмген,
Аждаһа боп қаныңнан қатық сүзiп,
Жер-ананың жүрегiн iреп келген,
Бiлгiш шықса мәңгүрт боп бiлектi елден
Келiмсекпен бiрге үрiп күн өткерген,
Ертеңiнен тiксiнiп ұрпағының
Ұлт есiгiн сыртынан тiреп келген,
Өз тiлiңде сөйлесең мiнеп келген,
Сөйлемесең тұғырдан шiрет берген,
Ол қоғамның естiсi аз,
Есерi көп
Бiрге өткiсi келмеген бiр өткелден.


Тiлiмдi әдейi анамыз үйретпедi –
«Үйрек болып сайрасын үйрек» дедi,
«Бас – Мәскеуде,
қалғаны-бүйрек» дедi,
«Құмырсқаның илеуiн күйрет» дедi,-
... Қайда әкеткен қу сана сүйреп менi ? –
Iшiнде әлем тұншыққан миымды да
Өркениет қамыр қып илектедi.
Екi тiлдiң бiтiспес ойраны iштi
iрiттi де
Iзгiлiк бойдан ұшты,
Қылыш өткiр болмаса,
Қайлаң ұшты
Қорғап қарық қылармыз қай намысты?
Жеңiс бердi Желтоқсан,
Ендiгiсiн
Не iстесек те бiздерге байланысты.
Бұрынғы қан толқыса – ғұрып-теңiз:
қалмақ,
араб,
орыс та,
түрiк те – бiз,
шүршiт шошып оянса үрiкпеңiз,
Жiктiң жiбi тұтанса
(... тұтатпасын) –
Өзiмiзге оқтаулы шүрiппемiз.
Шұбыртқанда атажұрт шуақты елдi
Шұбар жылан iзiнде шұбап келдi


Буаз iнгенге өрмелеп шұбатты емдi.
Роботтың да ел санасын бұрап көрдiескертулер сiңбедi,
құлақта өлдi...
... Болсын қалған


болмысым тұрақты ендi,–
Желтоқсандық төлмiз деп мақтанбалық


Ақыреттiң аузы әлi – сұрақ белгi...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу