👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  21.09.2022
  15


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Ұғым

Ұғым
«Егiзiмнiң сыңарындай көретiн досымның да
мен туралы бар ұғымы осы болғаны ма?»
Қайрат Рысқұлбеков.
Ұғым деген –
уақыттың түр-түсi,
Бiздiң сарбаз санамыздың қырқысы,
Қасiреттiң қанға батқан қыртысы,
Жарамсақтың жарасымды күлкiсi.
Ұғым деген –
ұғынуға құштарлық,
Iзгiлiк пен iзденiске iштарлық.
Перде шығар арымызға ұстарлық,
Бәлкiм, ұғым – мыстандық?
Ұғым –
барлық қоғам үшiн ертегi,
Желге сенсе – желқайықтың желкенi.
Жеткiзе алсаң – мәңгүрттiке дерт емi,
Ұғым – елдiң ертеңi.
Ұғым деген –
Бойламасаң – бетсiздiк,
Елiм үшiн еркiндiкке епсiздiк...
Ұғымсызды кiнәлау да – тексiздiк,
Өйткенi, ұғым – шексiздiк.
1991жыл.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы