Өлеңдер ✍️

  21.09.2022
  136


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Ана тілі

Дәлел болмас түрің де,
Дәлел болмас түгің де,
Дәлелдейтін түбінде –
Ұлт – жүрегі тілінде.
Жалбарынып жат елді
Сөйлетем деп іркілме...
Туыс одан қатерлі
Сөйлемесе бір тілде.
Жат тілімен жалмаса –
Жақының да сорлайды.
Тіл тәуелсіз болмаса –
Ел тәуесіз болмайды.
Ел боп тілді қорғаса
Жаттың тісі батпайды.
Кім өз тілін қорласа –
Өз ұлтына ол жатпайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу