Өлеңдер ✍️

  21.09.2022
  100


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Құзғынның шері

Жаратылыс көзiнен күйiктi емiп,
Жазықсызды тiрiлттiм жиып терiп.
Жерлеп жатты намысын құзғындардың
Миықта өлер қырандар биiкте өлiп.
Құзғын да ендi тiксiнiп өз демiне
Күйiк болып жерлендi көзге, мiне,
Сыр алдырмай сырт көздiң ғайбатына
Төзгенi ме,
Жоқ, дым да сезбедi ме
Құзғын етiп жаратты,
Сол үшiн де
Бермептi оған қыранның өрiсiн де
Мың жасап та не көрдi,
Қу тiрлiктен
Көргенiнiң көбiсi көр iшiнде:
– Мың жасаппын,
Сезе алсаң сырымды ұғын,
Көптi көрiп күрмелген тiлiм бүгiн.
Мылқау еттi табиғат тiрi ұрпақтың
Айтпасын деп кешегi зұлымдығын, –


...Топас пенде тағы да тұр күнә артып:
«Мың жасынан қыранның бiр күнi артық«
Қыран етiп жаратса өлгiсi бар
Құзғынның да биiктен бiр құмартып.
Қанатымен алмақ боп биiктердi
Жарым естер жетiлмей иықта өлдi.
Мың жасты оған түрме етiп,
Iзгiлiктi
Қанаттының бәрiне жиып бердi –
Тұяқ бердi,
Бергесiн бөктерiге
Керек пе ендi бейбiт күн кептерiңе?
Қораз барда бармақтай бұлбұл сайрап,
Сұңқарды да көтердiк көк төрiне.
Жоқтау айтса байғыз да жай табады,
Қаршыға әсте ұққанын қайталады.
Сайратпасаң ызадан iшi кеуiп,
Сандуғаштың миы да шайқалады.
Қаз да айырылды десек те қанатынан
Шықпапты ол да жемтiктiң санатынан.
Құзғын ғана шеттелдi,
Топқа түсiп
Өртенгiсi келсе де ар атынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу