Өлеңдер ✍️

  21.09.2022
  110


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Сұңқар

Сәлделiлер шынымен ұлы ел ме едi?
Сәулесiнен санада түн өлмедi –
...Тал iшiнде әлдене тысырлап жүр,
Құс ұрлап жүр.
Құдiрет бiлер ненi?
Тұзақ құрған cұңқарға биiктегi
«Имандылар» тiрлiгi тұйық па едi?


Құздағы ұя құлқынды жеткiзбес-тi
Шексiздiктiң шегiне тиiп тегi...
Талай сұңқар қия алмай көктеменi
Тор iшiнде қажыға кеткен едi.
Бәрi де әттең хабарсыз!
Қиял, бiрақ,
Кеттi тағы көтерiп көкке менi.
Құс та кеттi көк жүзiн жарып тағы,
Өкпелi ме?
тым биiк қалықтады.
Қорған iздеп Құдайдан барады ұшып,
Ал, пайғамбар ұрпағы қамықпады.
Адастырып ұрының қастандығын
Барады, әне, тербетiп аспан мұңын.
Тәңірге ендi жеткiзбек төтесiнен
Ұлы далам дарытқан бостандығын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу