Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  86


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ШЫНДЫҚТЫҢ СУРЕТІ

Жалаңаш əйелдiң суретiн салдым!
Ол менi бөледi даңққа,
Кенелттi таусылмас байлыққа.
Пай-пай, жалаңаш əйел-ай,
Қараймын өзiңдi аялай,
Рақмет саған, мисс!
Жалаңаш шындықтың суретiн салдым!
Ол менi бəрiнен айырды,
Көршi ендi бейшара жайымды.
Жалаңаш шындық, оңбаған,
Аулақ жүр, жолама сен маған,
Жолымыз бiрге емес, қиыс!
Құбыжық бейнеңе кiм құштар, малғұн!
Байға да, байғұсқа да жақпадың,
Фəниден бiр абырой таппадың,
Сайқалсып, сен менi арбама,
Сүйгенiм – жарнама, жарнама!
Солай болуы тиiс!
Ай-хай,
Пай-пай, жалаңаш əйел, мисс!
Браво, жаса, бис-с!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу