Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  72


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Əдiлсiнген қасқаның

Əдiлсiнген қасқаның
Өзi адалды алдады.
Бiр Алладан басқаның
Сенетiнi қалмады.
О, Жаратқан, тəңiрiм,
Бəрi сенiң қолыңда.
Ақ нысана – əмiрiң,
Ақиқаттың жолында.
Пендемiз ғой... Əлi бұл
Бай баласын мақтаймыз.
Жанымызға, бəрiбiр,
Сенен жақын таппаймыз.
Аз тiрлiгiн арзымас
Хақ тұтқанның аты кiм?
Бiз табынған тəждi бас,
Ол да сенiң пақырың.
Еншi алды екен тағы кiм,
Хауа менен Адамнан?
Сақта бiздi, тəңiрiм,
Қүдайсынған наданнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу