Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  87


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ТАҒЫ ДА «СОЛ» ТУРАЛЫ

Тапқан жоқпын оны iздеп,
Амалымды тауысты.
Бəлелi к...т өзi кеп
Бармағыма жабысты.
Бұл бəлекет, япыр-ай,
Қайдан ғана тап келдi?
Сасық күзен секiлдi,
Тұтқиылдан шап бердi.
О, тəңiр-ай, бұл сасық
Маған керек болып па?
Күн бетiме күл шашып,
Душар еттi-ау қорлыққа.
Бұл харамды мен сонша,
Тiлеп пе екем құдайдан?
Қақпан қапқан көкжалша,
Болғаным-ай пұшайман.
Қор болдың-ау, қайтейiн,
Байғұс менiң бармағым.
Сақта, құдай, сасықтан,
Бұл пендеңнiң ардағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу