Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  76


Автор: Ғұсман Жандыбаев

КОМПРОМИСС

Сен айтасың: «Ұлы аштық, – деп, – бұл аштық...»,
Иə, иə... Бiр асқаннан мың астық.
Бiз бiлемiз пейiштiң бар екенiн,
Сол үшiн де шын бекiндiк, шыдас қып.
Бұл жөнiнен екеумiзде бiр-ақ ой..
Сiз бен бiздi қағып кетпек мына дөй.
Түсiнiстiк... Тек пейiшке, бiздi алдап,
Ұры-кары өтiп кетсе – күнə ғой.
Сен саспайсың, аузың томпақ, тоқ калтаң,
Анталаған көп тобырда жоқ талқан.
Қыл көпiрден бiздi өткiзiп жiберiп,
Өзiң қалып қоясың ба деп қорқам..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу