Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  155


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ОТ, СӨНБЕ!

Жер ошақта лаулап жанған от, сөнбе!
Бар үмiтiм, қуанышым – тек сенде.
Сен сөнбесең, ұшқыныңда мен бармын,
Кеңiстiкке мəңгi сiңiп кетсем де.
Уа, жұртым, бағың сенiң ашылсын,
Көздi ашытқан көк түтiнiң басылсын.
Жер ошақтан түнгi аспанға өрмелеп
Жанған оттай, жарық нұрың шашылсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу