Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  81


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ТЕПЕ-ТЕҢДIК ЗАҢЫ

Саған ақша өте қажет! Ар да керек, əлбетте.
Ар мен ақша сыйысса игi... Осында ғой бар гəп те.
Екеуiнiң бiрiн ғана таңдайтын күн туғанда,
Таразыға түсiп қалар тағдырың да сол сəтте.
Саған туыс аса қымбат, бай да керек, əрине.
Əттең, олар шығыса алса жарар едi-ау тар үйде.
...Бiр барыңнан айырыларсың, бiр жоғыңды тапқанмен,
Тепе-теңдiк заңын бұзсаң, бəрi өлшеулi фəниде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу