Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  94


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Балдырлы бұлақ басында

Балдырлы бұлақ басында
Кездесiп тұрды кешқұрым,
Балауса қыздың қасында –
Балапан құстай өспiрiм.
Албырап аспан шырағы,
Балқыды шоқтай – ала бұлт.
Дəл сондай сенiң жүзiң де
Алаулап жанды, балалық.
Ынтыға, ыстық жүрекпен,
Бейнеңе қимай қарадым.
Оңаша бiздi қалдырып,
Көрiнбей кеттiң, қарағым.
Бiр шаңдық, əлде тұлпарлық
Жол шектiм – саған жетем дей.
...Өзiңе деген iңкəрлық –
Өмiрiм менiң екен ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу