Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  119


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Қазбауыр бұлт – аққудай айдындағы....

Қазбауыр бұлт – аққудай айдындағы,
Бала жiгiт одан көз тайдырмады.
Толықсыған арудың ақша жүзiн
Белдеулеген секпiлдей – Айдың дағы.
Көк толқыны жататын соғып жарды
Сол айдынның орнында кебiр қалды.
...Аққуынан айрылған көл секiлдi,
Жүдеу тартқан көңiлге – өмiр жарлы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу