Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  125


Автор: Ғұсман Жандыбаев

КӨҢIЛ

Сырты жұқа болғанмен, iшi қалың..
Кiм түйсiнер көңiлдiң тұшынарын?
Сыртты баптап, соған мəз, iштi бақпай,
Асыл сөздiң нелiктен түсi жарым?
Тереңiнде көңiлдiң көл жатпаса,
Тазалығын сергек ой ол бақпаса,
Сыртың сыптай болғанмен, iшiң сасып...
Жан сарайын сол жаман жел қақпаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу