Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  72


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖҮРЕКТIҢ ЖАСЫ

Талтүс –
Жүректiң жасы ғой,
Терезе алдында тұр..
Алпыс –
Ақ шашты жасыл ой
Төсекте қалғып жатыр.
Неге
Терезе сыртында
Қалдың сен, жас жүрегiм?
Əне,
Сағыныш бұлтында
Тамшымен тасты үгемiн.
Саған,
Ұмтылып жетпедiм,
Көз жаздым таңғы арманнан.
Шамам
Нелiктен жоқ менiң,
Саумын ба сал болғаннан?
Қаным
Қалайша ұйыды?
Қандай күш демдi бұзды?
Жаным,
Жалғанның құйыны
Бөле ме ендi бiздi?
Келшi,
Кетпешi, ақ Күнiм,
Нұр құйшы түнектерге.
Бершi
Шапағат-шаттығын
Шөлдеген жүректерге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу