Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  79


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Адамды адам мерт етпек

Адамды адам мерт етпек
Улы тiлдiң ұшымен.
Жаннан тəнге дерт өтпек
Жылы қанның iшiмен.
Адамды адам өлтiрмек
Ажалынан көп бұрын.
Тұлпар жоқта, жабы көп
Көтермей ме шоқтығын.
Адамды адам құлатар
Жүрегiне сөз сұғып.
Сол үшiн ол күнəһар,
Қоқиғанмен ерсiнiп.
Қаскөй, пасық бұл пенде
Ойламасын ұттым деп.
Бiлсе, екi дүниеде
Одан өткен мiскiн жоқ.
Адамды адам қор етсе,
Сол – тозақта күйгенi.
Адамды адам зор етсе,
Ол – құдайдың сүйгенi.
Алла адамды жаратты,
Жауы сонда адам ба?..
Ары таза, жаны ақты
Өзiң қолда, уа, Алла!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу