Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  75


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Үмiт еңiреп....

Үмiт еңiреп,
Тiлек тоналды.
Иттiң жемi боп,
Жүрек таланды.
Ардың ақысын
Ұры еп жеп алды.
Тауып қапысын,
Түнек кек алды.
Көштi сары құм,
Сусып жоғалды.
Өштi сағымың,
Жұтып көгалды.
Жыла, еңiре,
Ендi не қалды?
Барар жерiңе
Əкеп доғарды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу