Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  74


Автор: Ғұсман Жандыбаев

«Шындық, шындық, шындық!» деп....

«Шындық, шындық, шындық!» деп,
Шықылдаған шымшығым.
Менен аулақ! Əрмен кет,
Тиiп жүрер қырсығың.
Шала туған күшiктей –
Кiмге керек бұл шының.
Мықты болсаң, көкжалдың
Қисайтып көр қылшығын.
Қымбат қант секiлдi –
Дəмi таңсық, тым шырын,
Айнытады жүректi
Шындық дейтiн былшылың.
Жоқты көксеп қайтесiң,
Тыраштанбай, жаның бақ.
Өтiрiктiң əукесiн
Сипай алсаң, жағымды-ақ.
Ботқаңды же, суымай,
Боз көжеңдi iш, күнiм.
Шындық дейтiн сұмырай –
Тотықұсы ғой күштiнiң.
Шындық осы екен деп,
Мiнiн айтпа мығымның.
Көк есекпен тепеңдеп
Жүргенiңдi ұғынғын.
Ағаң iшсiн айранды,
Шелек түбiн, кел, жала.
Өтiрiктi ол айтсын,
Күнəсын сен арқала.
Ақтан қара өнгенiн
Бiлмеушi ме ең, наданым.
Шындық iздеп жүргенiң –
Ойыны ғой баланың.
«Шындық, шындық, шындық!» деп,
Көкке ұшасың далбақтап.
Шындығыңды қылғып жеп,
Болып алды қарға аппақ.
Қу қарғаның құлқынын
Құртпен бiтеп тұр кедей.
Сенiң дағы шыр-пырың
Соған ұқсап жүрмегей.
Өзiнде жоқ билiгi,
Шындық – жалшы баладай,
Майбеттердiң қолына
Су құйып жүр жағалай.
Су құймаса, аш шындық
Жанын қалай бағады-ай.
...Жұлынды иттiң құйрығы
Диiрмен тартқан заман-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу