Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  62


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Бұл өмiрде барың-жоғың белгiсiз.

Бұл өмiрде барың-жоғың белгiсiз.
Келдiң – кеттiң. Жандың. Өштiң. Сенгiсiз.
Жарық пенен қараңғының арасын
Жалғап тұрған түйiншексiз ендi Сiз.
Түйiншексiз. Бар болғаны сол ғана.
Сiздi күтiп түнек жатыр зор қара.
Аппақ дүние барады, əне, үзiлiп,
Секiлденiп бiтпей қалған соңғы ода.
Өкiнiңiз, өкiнбеңiз – бəрiбiр.
Өлген ханды көмедi ендi кəрi құл.
Пəтуасыз бар мен жоқтың арасын
Бiтiстiрем деумен байғұс жан ығыр.
Жандың. Күйдiң. Тапқаның не, ал, бұдан?
Келдiң. Кеттiң. Өзiң жоқсың, бар күнəң.
Бар мен жоқтың байыбына жеткенше,
Бақилықпен байып қалар жарлы жан..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу