Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  79


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Сəрiден келiп, көк сүттiң

Сəрiден келiп, көк сүттiң
Кезегiн күтсең, несi айып.
Жатжұрттық болған Тоқтықтың
Жабылып тойын жасайық.
Бұл Тоқтық дейтiн жетiм қыз
Жүрмедi, əттең, жайына.
Бiздi бiр жерге қаратып,
Қашып та тидi байына.
Бағы ашылмаған байғұстың
Өзiне де жоқ обал.
Тапқан бұл байы – алаяқ,
Жағдайы қайтіп оңалар.
Сұмырай келсе, су құрып,
Бұл күйеу бiзге жұт болды.
Шымшып бiр iшiп, шыңғырып
тышатын күндер тiк келдi.
Айтпақшы, Тоқтық кеткенмен,
Бой жетiп қалған Аштық бар.
Екеуiнiң тойын бiр жасап,
Үнемдемекшiмiз, уақыт тар.
Аузымыз күйдi сан рет,
Ендi үрiп iшпей болмайды.
Қондырмақшымыз Аштықты
Құтты орнына ыңғайлы.
Тақырға бiздi қонжитты,
Тидi де Тоқтық – залымға.
Ұзатпақпыз ендi Аштықты
Шаруақор жарлы момынға




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу