Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  109


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Ақын апайға

Тұңғиықты,
Тым биiктi меңгерген,
Мұң, күйiктi миығына өңгерген,
Жүрегiнен көлеңкесi тамшылап
Талықсыған қиялына дем берген,
Жырларының қабағына шер бекiп,
Шегiндiрген шексiздiктi терлетiп,
Үмiтiне құндақталған ғұмырды
Нәзiктiгi жататұғын тербетiп,
Ұйқысына үрей қосса түн – қақпан,
Құшағына күлкi үйiрiп мұң қатқан,


Бүркенiп ап қырық жамау жүрегiн,
Жан айқайын үнсiздiкке тыңдатқан,
Сiз де – әйелдiң тағат күткен бiр түбi,
һауа ананың тағдырының жыртығы,
Және қаққан қас сұлудың кiрпiгi.
Жырыңды әсте жұбата алар емес-тi
Әйел жеген соққылардың тыртығы.
Ақиқаттың жеткiзе алсақ өлшемiн
Жаны – шешен,
Тәнi – мылқау елшi едiң,
Оқылмайтын оқымаған ғаламға
Құпияны барлығын да мен сенiң
Үмiтiнен желбiреген өр сенiм –
Тағдырыңмен өлшедiм.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу