Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  81


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Айта берсең бәрiнiң «дертi» күштi...

...Айта берсең бәрiнiң «дертi» күштi...


2. Жаратылысы.
Ешкi iшегiн тарттық та домбыраға
Айландырдық малды да мол мұраға.
Ақтылы қой бермесе жетi асығын
Жетiгеннiң үнi де жаңғыра ма?
Мал бауыздап тiрлiктiң зарын көрдiк,
Малдан алып қобызға қарын кердiк.
Тұяқты да, қылды да зар қақтырып.
Қазағымды жараттық дарынды ел қып.
Қайың да – өлi,
мал да – өлi,
Өлiктермен
Саздың үнiн жараттық көрiктi елден.
Ескi ағашты таңдадық үнi – ащырақ
Фәнидi де, бақиды көрiп келген.
Бақ десек те дарынға артық арман,
Мұңмен келген бақыттың нарқы – жалған.
Қасiретсiз жүрекке жетпейтұғын
Саз – тiрлiктiң зар-мұңы, алған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу