👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  12


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Шайтанның мұңы

Келмегесiн тiрлiктi ермек еткiм –
Құдiреттен сәл биiк төрлемекпiн
Ұрлап тынып төркiнiм қасiреттен
Өзiмдi әкеп өзiме жерлемекпiн.
Қозғалыс та, Құдай да үндемедi.
Мезгiл де үнсiз көзiмнен мұңды емедi.
Жаратылыс дегендi кiм жаратты?-
Санамда ол да тұншығып күнде өледi.
Мысы басып үрей мен жаңғырықтың
Күндi құшып құлады қаңғырып түн.
Менде үркiттiм о дүние, бұ дүниенi
Болғым келмей тұтқыны мәңгiлiктiң.
Көз жасынан мұңды iркiп ұрғашының
Тәңірдi емдеп жұтқыздым бiр қасығын.
Сүргiн көрген мен де бiр Шайтан атты
Мәңгiлiктiң саналы құрдасымын.
Перiштелер қызғанып шеттеп едi,
Жылап құшты шексiздiк,
Шектемедi.
Жақсы атты өзi Тәңірiм еншiлептi,
Жаман атқа құрбан ғып текке менi.
Жаратқанның жаратқан кемдiгiмiн –
Сондықтан да Тәңірде ендiгi мiн.
Дүние өзiн түзетсе мен арқылы –
Айнасымын,
Сыбайтын кеңдiгiмiн.
Өзiмдi iздеп тозақтан көп қарадым...
Арасынан таппадым ақ-қараның.


Сыйдырмаған сананың көз-жасы боп
Ақ жанымнан үзiлдi қап-қара мұң.
Тәкәппарлық танытсам өкпелi ме?
Алалады Құдай да текке, мiне...
Жалғыз менi жаратты күнәһар ғып
Жаратпауға шамасы жетпедi ме?
Тәңір де өзi қызғаныш сырын ұқты –
...Мен болғысы келгендер сүрiнiптi.
Кеңдiгiне ғаламның сыймай кеткен
Ендi өзiмнен таныдым ұлылықты.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы