Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  105


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ӨМIР ОТЫ

Iңкəрi едiң –
жауһар сəуленiң,
Ызғар ұрды.
Шашты зəр демiн.
Күнiң бiттi.
Өттi дəуренiң,
Шiлдеде үсiген
алма.
Тағдыр қатал,
əмбе бек сараң.
Бар ма оған
уəжiң, еп-шараң.
Ендi қайта
көктеу жоқ саған,
Болса да қанша жаз
алда.
Тыныш мекен –
саған бұл ара.
Жетпес күлкi,
таппас күнə да.
Дауыл соғып,
бұршақ ұра ма..
Бəрiбiр батпайды
жанға.
Ендi сенi
үсiк шалмайды.
Өшкен сəуле
қайта жанбайды.
Кiмге бақыт,
кiмге жан қайғы...
Сенi ендi қинамас
ол да.
Балғын денең
құртқа жем болды.
Iшке кiрдi ол
үңгiп кеудеңдi.
Ерте солған
гүлсiң сен де ендi.
Тиген қыз секiлдi
шалға.
Гүл бар нəзiк –
дауыл өтiнде.
Ол ұқсайды
мұңлы жетiмге.
Болар болды –
өкiн-өкiнбе...
Не пайда –
бiткен соң шаруа.
Жараң ауыр.
Көрсем мен емдеп –
Ақын жыры
саған не бермек?
Сен тiлсiз,
мен
қалдым керең боп.
үн қатшы,
жүрегiң сау ма?
Жапырақ-жаным
сенсiз елеңдеп,
Өзiң қайта
күлiп келер деп,
Қолым жайып,
«Саған сенем!» деп –
Құдайдан сұраймын
сауға.
Бiлсең айтшы,
не тұр жолыңда?
Бiздiң тағдыр –
Тəңiр қолында.
Мен бiр тұтқын –
тiрлiк торында.
Балықтай тулаған
ауда.
Əне, теңiз!
Оянғандай –
Əбден ышқынып,
жұмбақ күштi рух.
Сұп-суық жел
шалды ысқырық.
Бiлмеймiн:
дос па,
əлде,
жау ма?
Əрбiр таңнан
күтiп жақсылық,
Нəр жинаған
мен бiр ақ шыбық.
Тағдырымды Күнге тапсырып,
сүйенiп өсемiн
Өмiр оты!
Жас əлемге
Тауға.
Нұр бершi маған.
Күн болшы əман!
Адамзат мəңгi
қарыздар саған.
Өшпе сен,
өшпе сен,
лаула!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу