Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  79


Автор: Ғұсман Жандыбаев

...КIМ БОЛАМЫЗ?

Мəпия мен Элита болды құда..
Шəк келтiрмей осы iстiң оңдығына.
Емеурiннен екеуi түсiнiстi,
Бiрi сенiп бiрiнiң шоңдығына.
Ақсүйек пен алаяқ сүйiс қылып,
Серт байласты төстерiн түйiстiрiп.
Бiр кездерi екеуi ата жау-ды..
Демейдi ендi мұнысын қиыс қылық.
Бiтiспестей едi олар күнi кеше,
Жiбермейтiн бiреуi бiрiне есе.
Ақсүйектiң сiңбейтiн iшкен асы,
Төбе шашы тiк тұрып, ұры десе.
Ұялы бөрi тигендей бүйiрiнен,
Өңшең жорға, жүйрiгiн үйiрiмен
Алаяқ қу талтүсте айдап кетiп,
Аһ ұрушы ед малының күйiгiнен.
Уақыт басқа, шөмидi зор ғылымың,
Түсiне алмай, ел аң-таң болды бүгiн:
Мəпиiңiз айналды Элитаға,
Ақсүйектiң дəл өзi – ендiгi ұрың.
Алаяққа ақсүйек дəн риза,
Бұрынғы ойы бұл күнде мылжа-мылжа.
Бiр-ақ түнде мүйiзi өсiп шығып,
Жылы орынға қонжиды Мəпи мырза.
Ақтап алды ұрыны куə келiп..
Шаршады ауыз, өсектен құлақ өлiп.
Ит пен мысық секiлдi қос сұмпайы
шыға келдi мың жылдық құда болып.
Ал, мырзалар, өкiртiп той жасайық,
Құдаларға бұл құрмет болмас айып.
Басқа – басқа... Осы бiз кiм боламыз?
Бас жазған соң... соны бiр ойласайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу