Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  100


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Сынады менi, сынады...

Сынады менi, сынады,
Тағдырым неден шүбəлi.
Жығылып жатсам, үстiме
Жұдырығы ойнап шығады.
Сынады менi, сынады,
Тағдырдың қатал сұрағы.
Сүрiнiп кетсем, үстiме
Сүйкенiп қырсық құлады.
Сынады менi, сынады,
Алқымнан тағдыр сығады.
Жебеше жауған иненiң
Уына жүрек шыдады.
Сынады тағдыр, сынады,
Қанған жоқ, сiрə, құмары.
Бəрiне төзген бəйтерек,
Белгiсiз қашан құлары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу