Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  85


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Болмаған соң өзiңде...

Болмаған соң өзiңде,
Елде бардан– көзiңдi ал.
Сенi бiреу арамдап:
Деп жүрмесiн “қу шыбын”.
Кейде мына өмiрде
Қорланатын кезiң бар–
Танымайтын адамнан
Сұрағандай бiр шылым.
Өз қолыңда болмаса,
Əлдекiмдi бəлсiнтiп,
Жалынғаның, жаным-ау,
Қорлық емей немене.
Бұл да сондай далбаса:
Жаныңды бiреуге тапсырып
Қоюшы ма едiң, тəңiрiм-ау,
Мiндi екем деп кемеге.
Өкпең жүрер кiмiң бар?
Шараң қайсы– көнбеске.
Кiсiдегi қобдидың
Кiлтi– аспанда, қайтерсiң.
Өз шамаңды ұғып ал,
Құр бет алды белдеспе.
Сен де, шырақ, ес жиғын,
Маңдайы бiр тайқы ерсiң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу