Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  87


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Тынымсыз тылсым жол кестi

Үмiтке тиеп жiбердiк тiлектi өндiрiп,
Тынымсыз тылсым жол кестi түнектен бүрiп.
Жүректен кiрiп,
Жанымды жүдеткенде ұлып,
Көңiлдiң үңгiр үрейiн күреп көмдiрiп,
Бесiкке бөлеп мұңымды әлсiреп барам,
Көзiмнiң нұры, қайдасың,
шыр еткен күлiп?
Тозақтың олқы тұсына сына қып көптi,
Құрдымды қанша жуғанмен күнә бiтпептi.
Жөңкiле көшкен жұлдыздың дүбiрi сыймай,
Көңiлiм оқыс шағылып,
Түн ағып кеттi...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу