Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  214


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Уа, ағатай, айтшы маған...

Уа, ағатай, айтшы маған,
Иесi кiм осы үйдiң?
Түйсiгi жоқ, тақсырсынған
Тасырлардан шошимын.
Iшi қапас, сырты топас,
Iсiнгендей əманда,
Көзiнде мұз, өңiнде сыз,
Түсiн бермей адамға.
Алдап билеп, алмақ илеп,
Терiдей ғып малшылап.
Əлi жетсе, нəлiлi өкше –
Табанға сап жаншымақ.
Пиғылы арам, күйлi надан
Буға пiсiп, күмпиiп,
Сенi асырап жүргендей боп,
Қашан көрсең қыртиып.
Күнiң түссе сондайларға,
Сорың қалай қайнамас.
Талпын, жатпа, сенбе жатқа,
Өз күнiңдi ойла, жас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу