Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  77


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Жарлы жiгiт тас батқан жамбасына...

Жарлы жiгiт тас батқан жамбасына,
Тауық сояр жарының қалжасына.
Басына iркiт төгiлген байдың итi
Кембағалдың бас сұқпас ауласына.
Бар мен жоқтың арасы – жер мен көктей,
Қысқа жiп те күрмеуге келген жетпей.
Содан берi өтсе де неше заман,
Бiр сүйем де ұзарып көрген жоқ қой.
Жаралған соң сол жiптiң ұшы болып,
Жетер жерiң белгiлi, iшiңе бүк.
Қотыр бұзау мойнында шолтиярсың,
Ұзын шалма арқанның пысы жеңiп.
Жiп ескеннiң қолы – ала, бөле өредi,
Қысқа қайтiп ұзынмен теңеледi?
Теңегiштер жамаудан өз жыртығын
Артылмайды, басқаға не бередi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу