Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  93


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Дүние-ау, сен осындай шексiз бе едiң?!

Дүние-ау, сен осындай шексiз бе едiң?!
Мен қуып көрiп едiм – жеткiзбедiң.
Əттең, тек, кеңдiгiңдi кештеу ұғып,
Шиырға түсiп алып, жоқты iздедiм.
Сырыңды бiлген болсам, өстер ме едiм?
Көп болды жанғанымнан – өшкендерiм.
Амал не, өткен күннiң өтеуi жоқ,
Қолымды мезгiлiнен кеш сермедiм.
Дүние-ау, кiнəлайын ендi кiмдi?
Сезбедiм биiктiк пен кеңдiгiңдi
Көп жүрдiм көрген жерде ауыл бар деп,
Алданып аз қызыққа кемдi күнгi.
Көлшiктi көл екен деп ойлағаным –
Теңiздей тереңiңе бойламадым.
Өзге жыр, басқа қызық бар демедiм –
Бiр тойдың жарын айтып, қоймағаным.
Дүние, кең екенсiң, бiлсемшi мен,
Кеш ендi шарықтауға, босқа ерсiнем.
Кеткен соң қолдан шығып жалынды шақ,
Қайтейiн маңдайымды құр тершiген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу