Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  177


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Сенгiң келсе өсекке...

Сенгiң келсе өсекке,
Кiм айтты оны? Соны бiл.
Иесiне тартқан ит –
Көршiсiнiң соры бұл.
“Жақсы адамның соңынан
Сөз ередi”,– деймiз-ау...
Бiздiң қазақ айтып па
Жетiскеннен соны бiр.
Сенгiң келсе жалаға,
Оның да бiл төркiнiн,
Күлiмсi иiс жетпей ме
Сарсытып кеп жер түбiн.
Қанды басын қақшитып,
Жалаңдатып шел тiлiн,
Сумаңдаған сұр жылан
Аңдымай ма жемтiгiн.
Өсек те емес, жала емес,
Жымысқы сөз – жылымшы у,
Аярға тəн əдет қой –
Жəдiгөйсу, қылымсу.
Иесi кiм екенiн итiнен-ақ танырсың,
Жүрген жерiн шұбарлап;
Бiрiн – шұрқан, бiрiн – шу...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу