Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  127


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Гүл едiм ғой, гүл едiм!

Гүл едiм ғой, гүл едiм!
Жаншылдым да тапталдым.
Жарық күнiм тоналды.
Жат дүниеге аттандым.
Ендi менен сұрама
Нəзiктiгiң қайда деп,
Өзегiмдi қарыған
Ызғары бар ақпанның.
Таң едiм ғой, таң едiм!
Түн қойнына мен көштiм.
Менен шуақ iздеме,
Күн боп ендi келмеспiн.
Сенiң қара дауылың
Қалтыратты жанымды,
Қатып қалған қанымды,
Жылыта алмас ендi ешкiм.
От едiм ғой, от едiм!
Түтiн болмай не болдым.
Көңiлiмнiң шоғына
Су құйдың да жөнелдiң.
Жана алмасам жалындап –
Тiрлiгiмнен не пайда:
Бар болғаным жоққа тəн,
Түтiн болсам – мен өлдiм.
Бар едiм ғой, бар едiм!
Жоққа қайтып айналам.
Қайда, қайда, құдай-ау,
Қызық күндер жайнаған.
Күнге қарай ұшамын
Шарық тастай зырылдап –
Менi жейтiн ауыздың
Азу тiсiн қайраған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу